Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 ақпандағы "Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақмектеп ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-20/3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 1-20/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 қарашада № 6111 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақмектеп ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 ақпандағы "Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақмектеп ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-20/3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5888 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Аманжолов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Баянауыл ауданының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысының
      міндетін атқарушы А. С. Ынтыкбаев
      2018 жылғы "7" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      Шаруашылығы Министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Баянауыл
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Р. Д. Нургалиев
      2018 жылғы "7" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
      Павлодар облысы қоғамдық денсаулық
      сақтау департаментінің
      Баянауыл аудандық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы А. Е. Қарыбжанов
      2018 жылғы "7" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады