Май ауданы бойынша 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 252/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қарашада № 6126 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Май ауданы бойынша 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары М. Қ. Құсайыноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Қаңтарбаев

  Май ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 23 қарашадағы
№ 252 қаулысына
қосымша

Май ауданы бойынша 2018 жылға арналған мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Бір тәрбиеленушіге бір айлық орта шығын құны кем дегенде (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ана төлемақысының айлық мөлшері (теңге)

1

2

3

4

5

1.

Май ауданы әкімдігінің Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының "Ақбота бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

70
(жергілікті бюджет)

32288

1 жастан 3 жасқа дейін - 6400;
3 жастан 7 жасқа дейін - 6800

2.

Май ауданы әкімдігінің, Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының "Қарлығаш бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

50
(жергілікті бюджет)

43408

1 жастан 3 жасқа дейін – 7000;
3 жастан 7 жасқа дейін – 7400

3.

Май ауданы әкімдігінің Қаратерек селолық округі әкімі аппаратының "Балбөбек бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

70
(жергілікті бюджет)

26660

1 жастан 3 жасқа дейін – 6000;
3 жастан 7 жасқа дейін – 6800

4.

Май ауданы әкімдігінің, Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының "Айгөлек бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

70
(жергілікті бюджет)

32676

1 жастан 3 жасқа дейін – 6400;
3 жастан 7 жасқа дейін – 6800

5.

Май ауданы әкімдігінің "Балдәурен балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

45
(жергілікті бюджет)

49920

2 жастан 7 жасқа дейін – 6800

6.

Май ауданы әкімдігінің, Саты селолық округі әкімі аппаратының "Әйгерім бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

20
(жергілікті бюджет)

56492

1 жастан 3 жасқа дейін – 6800;
3 жастан 7 жасқа дейін – 7300

7.

Май ауданы әкімдігінің, Май селолық округі әкімі аппаратының "Балдырған бөбектер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

50
(жергілікті бюджет)

33842

1 жастан 3 жасқа дейін – 6600; 3 жастан 7 жасқа дейін – 7000

8.

"Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

37
(жергілікті бюджет)

14635

1 жастан 7 жасқа дейін – 7500

9.

"Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

23
(жергілікті бюджет)

13127

2 жастан 7 жасқа дейін – 7000

10.

"Қазақстан негізгі орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі

18
(жергілікті бюджет)

17278

1 жастан 7 жасқа дейін – 7000

11.

"Қазан жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

32
(жергілікті бюджет)

15813

1 жастан 7 жасқа дейін – 6500
 

12.

"Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

39
(жергілікті бюджет)

7551

1 жастан 3 жасқа дейін – 6000;
3 жастан 7 жасқа дейін – 6800

13.

"Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей- мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

40
(жергілікті бюджет)

14369

1 жастан 3 жасқа дейін – 3000;
3 жастан 7 жасқа дейін – 7000

14.

"Саты жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

9
(жергілікті бюджет)

21917

1 жастан 7 жасқа дейін – 6500

15.

"Ақшиман негізгі орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі (шағын орталық)

25
(жергілікті бюджет)

10080

1 жастан 7 жасқа дейін – 7500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады