Май ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 31/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 271/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 6183 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 146/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 27.05.2020 № 146/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Май ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 31/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4985 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Май ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Т. Сыздықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Т. Сарин

  Май ауданы
әкімдігінің 2018
жылғы "20" желтоқсандағы
№ 271/12 қаулысына
қосымша
  Май ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "22" ақпандағы
№ 31/2 қаулысына
қосымша

Май ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге
асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

р/с №

Атауы

1

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы үш мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады