Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" № 30/227 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 тамыздағы № 36/189 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қыркүйекте № 6055 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3734 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда "Заман тынысы", "Нива" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешiммен бекiтiлген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі Павлодар ауданының бөлімі;";

      9-тармақтың 10-4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "қайтыс болған уақытта уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыздар; қайтыс болған уақытта уәкілетті органда тіркелуіне қарамастан зейнеткерлікке шыққанға дейін екі жыл жұмыс істемеген зейнеткер жасы алдындағы тұлғалар;";

      9-тармақ келесі мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) жалғыз және жалғыз тұратын зейнеткерлік жасқа толған азаматтар;

      14) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.";

      10-тармақ келесі мазмұндағы 2-12) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-12) 9-тармақтың 2-1), 3-2), 3-3), 4), 10-1), 10-2), 10-3), 13) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін орнату датчиктер улы газ және газ талдағыштар осы қағидалардың 14-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 3000 (үш мың) теңге дейінгі мөлшерде;";

      10-тармақтың 3-1) тармақшасында "2-3)" сандарынан кейін "14)" сандарымен толықтырылсын";

      10-тармақтың 4-3) тармақшасында "2-3)" сандарынан кейін "14)" сандарымен толықтырылсын".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ә. Қалышбеков
      Мәслихат хатшысы А. Шайхимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады