Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 29.11.2018 № 1-04-12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 2-36/127 ұсынымы бойынша Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің келесі елді мекендері аумағында жылқы ринопневмония ауруы бойынша шектеулі іс-шаралар белгіленсін:
Набережное ауылы, "Андас" шаруа қожалығының кадастрлік нөмірі 14-211-051-002 жер учаскесі;
Набережное ауылы, Целинная көшесі 28 үй, Рудь В. В. жеке қосалқы шаруашылығы;
Жаңа қала ауылы, Центральная көшесі 38 үй, Арынгазинов К. Т. жеке қосалқы шаруашылығы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Григорьевка ауылдық | |
округінің әкімі | В. Бруцкий |