Успен ауданы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы "Успен ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 қарашада № 6101 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің 05.01.2020 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабы 1, 2-тармақтарына сәйкес, Успен ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен ауданы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы "Успен ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" № 3 шешімінің қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3729 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 наурызда аудандық "Апта айнасы", "Сельские будни" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      № 412 сайлау учаскесінде "Школьная" сөзі "Ыбырай Алтынсарин" сөзіне ауыстырылсын;

      № 419 сайлау учаскесінде "Молодежная" сөзі "Наукенов" сөзіне, "8 Марта" цифрасы мен сөзі "Яременко" сөзіне ауыстырылсын;

      № 420 сайлау учаскесінде "Советов" сөзі "Тәуелсіздікке 25 жыл" сөздері мен цифрларына ауыстырылсын;

      № 427 сайлау учаскесінде "Степная көшесі 17, бастауыш мектебінің ғимараты" сөздері мен цифралары "Мира көшесі, ауылдық клубының ғимараты" сөздеріне ауыстырылсын;

      № 434 сайлау учаскесінде "Молодежная" сөзі "Наукенов" сөзіне ауыстырылсын;

      № 579 сайлау учаскесінде "Турксибская" сөзі "Астана" сөзіне, "Молодежная" сөзі "Жастар" сөзіне ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы В. П. Курсаковаға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Қасенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Успен аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрайымы М. Джилкибаева
      2018 жылғы "10" қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады