Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 05 ақпандағы "Шарбақты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 44/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 28/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 5865 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 05 ақпандағы "Шарбақты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 44/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4330 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады