Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 2/169 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 мамырда № 1477 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 13 шілдедегі № 3/435 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1191 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 13 шілдедегі № 3/435 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2017 жылғы 30 мамырдағы № 2/180 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1383 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

      2. Алматы қаласы Қаржы басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Жүнісоваға жүктелсін.

      4. Осы "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады