"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 3 ақпандағы № 41/7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 4 маусымдағы № 21/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 маусымда № 4762 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 3 ақпандағы №41/7 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3616 тіркелді, 2016 жылғы 16 ақпанда "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланды).

      2. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
ХХI сессиясының төрағасы
Б.Жалғасбаев
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады