"Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 460 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 317 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 қарашада № 4995 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 39 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 27.02.2020 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 26-2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 460 қаулысына (2017 жылғы 12 желтоқсан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4414 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (қызмет бабында пайдалану үшін).

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ. Ақсақалов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      Солтүстік Қазақстан облысының

      Ішкі істер департаменті"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      ______________ Б. Біләлов

      2018 жылғы "02" қараша

      "Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

      департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы

      ______________ А. Ақшаев

      2018 жылғы "02" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады