Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 360 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/7 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда № 5085 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Мағжан Жұмабаев ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 26 қарашадағы қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мағжан Жұмабаев ауданының Фурманов ауылдық округі Мағжан Жұмабаев ауданының Бәйтерек ауылдық округі;

      Мағжан Жұмабаев ауданының Октябрь ауылдық округі Мағжан Жұмабаев ауданының Аққайың ауылдық округі;

      Мағжан Жұмабаев ауданының Надежка ауылдық округі Мағжан Жұмабаев ауданының Ноғайбай би ауылдық округі;

      Мағжан Жұмабаев ауданының Совет ауылдық округі Мағжан Жұмабаев ауданының Алтын дән ауылдық округі;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің Хлеборобное ауылы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округінің Достық ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Фурманов ауылдық округінің Новый быт ауылы Мағжан Жұмабаев ауданы Бәйтерек ауылдық округінің Береке ауылы болып қайта аталсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемелері мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі ресми жарияланған соң оны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және Мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
әкімінің міндетін атқарушы
А. Сапаров
      Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
В. Мантариди
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
хатшысы
В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады