Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің Шағалалы ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 12 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қазанда № 4941 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 26 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Шағалалы ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Шағалалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі Шағалалы ауылының:

      Карл Маркс көшесі Владимир Макаренко көшесі;

      Коммунальная көшесі Достық көшесі;

      Ленин көшесі Астана көшесі;

      Октябрь көшесі Вадим Буторин көшесі;

      Советская көшесі Аққайың көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шағалалы ауылдық
округінің әкімі
Г. Добромирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады