"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993жылғы 8 желтоқсандағы Занының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкасское ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкас селолық округінің Черкас селосы көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкасское ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2175 тіркелді, 2013 жылғы 28 ақпанда аудандық "Колос" және "Аққайың" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбында және шешімінің мәтінінде, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы", сөздерімен ауыстырылсын;
тақырыбы, мәтіні және шешімнің косымшасы орыс тіліндегі өзгеріссіз қалдырылсын.
2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Л. Макина |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_____________________ О. Плищенко
2018 жылғы "10" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
сәулет, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөліімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушысы.
______________________Б. Омаров
2018 жылғы "10" шілде