Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 29.03.2024 № 8-13-1 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-3-161 тіркелген, "Айыртау таңы" және "Айыртауские зори" 2012 жылғы 6 қыркүйекте газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:
2- тармақ 5) тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.".
3- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Тұрғын үй көмегiн төлеу жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
3) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.".
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министерінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес құжаттарды ұсынады және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі.".
9-тармақтағы екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"9. Қабылдаған құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша уәкілетті орган құжаттарды тапсырған кезден сегіз жұмыс күні ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты шығарады, ол жайында өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.".
13-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушінің дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.".
2. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық маслихатының XIX сессиясының төрағасы | С.ЕсенғалиевСолтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық маслихатының хатшысы Б.Жанахметов |
КЕЛІСІЛДІ
"Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысының орынбасары
_______________Р.Азбергенов
11 мамыр 2018 жыл
КЕЛІСІЛДІ
"Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің экономика
және қаржы бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________М.Рамазанова
11 мамыр 2018 жыл