Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мəслихатының 28.05.2020 № 57-2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мəслихатының 28.05.2020 № 57-2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.01.2022 № 14-2 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.1.Автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 05.04.2021 № 4-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 28.01.2022 № 14-2 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мəслихатының 28.05.2020 № 57-2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А.Хоршат |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының хатшысы |
А.Хоршат |
Солтүстік Қазақстан облысы Акжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы "18" маусымдағы № 28-4 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының күшін жойылған кейбір шешімдердің тізбесі
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 "Жер салығы ставкалары туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-105 тіркелген, 2010 жылғы 14 тамызда "Дала дидары" және "Ақжар-хабар" газеттерінде жарияланған);
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 34-13 шешімі "Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының "Жер салығының ставкалары туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3245 тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 маусымдағы № 5-3 шешімі "Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының "Жер салығы ставкалары туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3883 тіркелген, 2016 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).