Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 28-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 сәуірде № 7286 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Заңының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 28-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне (2018 жылғы 05 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4785 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1.Автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға жоғарылатылсын".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған, құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
С. Ахметова
      Ақжар аудандық
мәслихат хатшысы
А. Хоршат

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады