Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 (бір) километрге 6 (алты) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін мәселелер бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Жұмабеков |
КЕЛІСІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
мәслихатының хатшысы
_________________Е. Әділбеков
2018 жылғы "___" _________