Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 4832 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 09-08/158 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округі Ковыльное ауылында, Набережная, Кривда, Школьная, Степная, Молодежная көшелерінде ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4565 тіркелген, 2018 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі С. Жильцов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады