Көшелерге қайта атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 шілдеде № 4843 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 1 маусымдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақоға ауылдық округі Қарақоға ауылындағы келесі көшелері атаулары өзгертілсін:

      "Карл Маркс" көшесі "Қазақстан Конституциясы" көшесіне;

      "Советская" көшесі "Мағжан Жұмабаев" көшесіне;

      "Ленин" көшесі "Николай Жигалов" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Жорова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады