Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мəслихатының 17.03.2020 № 44/7 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 50-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге Кодекстің 503-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге Кодекстің 704-бабымен белгіленген бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Шал ақын аудандық мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 39/2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3291 болып тіркелді, 2015 жылғы 10 шілдеде аудандық "Парыз" газетінде, 2015 жылғы 10 шілдеде аудандық "Новатор" газетінде жарияланды);
2) "Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 39/2 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" Шал ақын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 46/6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3665 болып тіркелді, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының ХХІІІ сессиясының төрағасы |
Ы. Махметова |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы |
Ө. Әмрин |