Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 30.03.2018 № 23/2 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабы 5 тармағына, 387 бабы 1 тармағына, 444 бабы 1 тармағына сәйкес Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 23.02.2016 N 46/6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 баптарымен бекітілген жер салығының базалық төлемақылары 50 пайызға жоғарылатылсын.
Осы бөлімнің қағидасы Кодекстің 386 бабында көрсетілген жер телімдеріне қолданылмайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 23.02.2016 N 46/6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.