"Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 39/2 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 46/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 наурызда N 3665 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 23/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 30.03.2018 № 23/2 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 39/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 1 шілдеде 3291 нөмірімен тіркелген, аудандық "Парыз" газетінде 2015 жылғы 10 шілдеде, аудандық "Новатор" газетінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      көрсетілген шешімге кіріспе сөзбасы келесі басылымда баяндалсын:
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабы 5 тармағына, 387 бабы 1 тармағына, 444 бабы 1 тармағына сәйкес Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";
      1 бөлім келесі басылымда баяндалсын:
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 баптарымен бекітілген жер салығының базалық төлемақылары 50 пайызға жоғарылатылсын.
      Осы бөлімнің қағидасы Кодекстің 386 бабында көрсетілген жер телімдеріне қолданылмайды".
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының
ХLVІ сессиясының төрағасы
К. Сақтанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Н. Дятлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігі
Мемлекеттік кіріс комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы
Мемлекеттік кіріс
департаментінің
Шал ақын ауданы бойынша
Мемлекеттік кіріс басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2016 жылғы 23 ақпан
Н.С. Ахметқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады