Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 4 қарашадағы № 55-VІ "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Исатай ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 137-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 ақпанда № 4051 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 4 қарашадағы № 55-VІ "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Исатай ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3691 санымен тіркелген, 2016 жылғы 12 желтоқсанда аудандық "Нарын таңы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Исатай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Ж. Маштахов).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХ сессиясының төрағасы
А. Жанаділов
      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Мұханбеталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады