Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 348 "Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 маусымдағы № 193 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 маусымда № 4176 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 348 "Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3604 болып тіркелген, 2016 жылдың 6 қазанында "Серпер" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне (Н. Калиев) жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Шаяхметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады