"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 36 "Құрманғазы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3614 болып тіркелген, 2016 жылдың 13 қазанында "Серпер" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне (Н. Калиев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Шаяхметов |