Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 215 "2017-2018 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 17 мамырдағы № 135 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 31 мамырда № 4618 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6 бабының 2-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 215 "2017-2018 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4190 болып тіркелген, 2017 жылы 23 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2017 жылы 24 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Облыстық бюджет есебінен 2017-2018 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы" деген қосымшадағы:

49.

0907000

Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша)

0907033- Техник-жылу технигі

"Оңтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi


25

күндізгі

21030,0

      деген қатар алынып тасталсын;

      "Облыс бойынша барлығы" деген қатардағы:

      "11084" деген сандары "11059" деген сандарымен ауыстырылсын;

      "3667" деген сандары "3642" деген сандарымен ауыстырылсын.

      2. "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Ә.Ш.Өсербаев
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Е.Ә.Садыр
      Т.К.Сәрсембаев
      Ұ.Сәдібеков
      Е.Қ. Тасжүреков
      А.С.Сәбитов
      А.Б.Тасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады