Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 364 "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 18 маусымдағы № 173 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 20 маусымда № 4640 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 364 "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4365 болып тіркелген, 2018 жылдың 15 қаңтарда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" - деген қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Ә.Ш.Өсербаев
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      Т.Қ.Сәрсембаев
      Е.Қ. Тасжүреков
      А.С.Сәбитов
      А.Б.Тасыбаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
"18" маусымдағы № 173
қаулысына қосымша
  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
"15" желтоқсандағы № 364
қаулысына қосымша

"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) білім саласындағы функцияларды атқаратын Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық, аудан және облыстық маңызы бар қалалардың атқарушы органдарымен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - білім беру ұйымдарындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау туралы хабарлама еркін нысан бойынша немесе Қазақстан Республикасы Білім Министірінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 бұйрығымен бекітілген "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" стандарттың (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға қызмет алушының өтініші негіздеме болады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:

      1) Мемлекеттік корпорация жұмысшысы түскен өтінішті тіркеп, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді де қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторына жөнелтеді. Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторы сол жұмыс күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жөнелтеді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды тіркейді және 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде құжаттарды қарау үшін жауапты орындаушыны айқындайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы барлық қажетті құжаттарды тексеріп, 8 күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қол қоюына жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 10 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

      7) Мемлекеттік корпорация жұмысшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.

3-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында келтірілген.

4-бөлім. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Техникалық, кәсіптік және
орта білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша конкурсқа құжаттарды
қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

1

2

3

4

5

6

Мемлекеттік корпорация жұмысшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Түскен өтінішті тіркеп, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді де қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторына жөнелтеді. Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторы сол жұмыс күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге табыс етеді

Түскен құжаттарды тіркейді және және 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына табыс етеді

30-минут ішінде құжаттарды қарау үшін жауапты орындаушыны айқындайды

Барлық қажетті құжаттарды тексеріп, 8 күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қол қоюына жолдайды

Сол жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды

10-минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады