Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 11.08.2023 № 5/27-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімге 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Түркістан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімге 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Түркістан қалалық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық маслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | М.Дуйсебеков |
Қалалық мәслихат хатшысы | Ғ.Сарсенбаев |
Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 27/145-VI шешіміне 1 қосымша |
Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 09.10.2019 № 56/276-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
Орташа жылдық жинақталу нормалары, |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
0,60 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 1,0 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,702 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,399 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,2 |
6 | Емханалар | 1 келiп кету | 0,02 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi | 1 төсек-орын | 1,0 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi | 1 отыратын орын | 0,5 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,2 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 1,0 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |
14 | Азық-түлiк, өнеркәсiптiк тауар дүкендерi, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,958 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,5 |
16 | Алынып тасталды - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 09.10.2019 № 56/276-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | ||
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,65 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,002 |
20 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,4 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,4 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,85 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | - |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,2 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |
29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,46 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) | 1 жұмыс орны | 0,5 |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,7 |
32 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | - |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 27/145-VI шешіміне 2 қосымша |
Түркістан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер
№ | Атаулары | Есептік бірлігі | Баға (теңгемен) |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге арналған тарифтер | ||
1.1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан | 105 |
1.2 | Жайсыз үйлер | 1 тұрғыннан | 122 |
2 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге арналған тарифтер | ||
2.1 | Заңды тұлғалардан | 1 текше метр | 860,1 |
1 тонна | 2435,7 | ||
3 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтер | ||
3.1 | Заңды тұлғалардан | 1 текше метр | 993,5 |
1 тонна | 2813,3 | ||
4 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтер | ||
4.1 | Заңды тұлғалардан | 1 текше метр | 376,2 |
1 тонна | 807 | ||
4.2 | Жеке тұлғалардан | 1 текше метр | 263 |
1 тонна | 694 |