Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 11.08.2023 № 5/27-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17634 тіркелген) сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 27/145-VI "Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4461 тіркелген, 2018 жылғы 2 наурызда "Түркістан" газетінде және 2018 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
реттiк нөмiрi 6-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тiлiндегi мәтiн өзгермейдi:
"
6 | Емханалар | 1 келiп кету | 0,02 |
";
реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi | 1 төсек-орын | 1,0 |
";
реттiк нөмiрi 9-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тiлiндегi мәтiн өзгермейдi:
"
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi | 1 отыратын орын | 0,5 |
";
реттiк нөмiрi 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,2 |
";
реттiк нөмiрi 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
14 | Азық-түлiк, өнеркәсiптiк тауар дүкендерi, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,958 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,5 |
";
реттiк нөмiрi 16-жол алынып тасталсын.
2. "Түркістан қалалық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А.Мәди |
Қалалық мәслихат хатшысы | Ғ.Сәрсенбаев |