Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 5/27-VIII шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 тамызда № 6334-13 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түркістан қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Түркістан қалалық мәслихатының "Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2018 жылғы 9 ақпандағы № 27/145-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4461 болып тіркелген);

      2) Түркістан қалалық мәслихатының "Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 27/145-VI "Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 9 қазандағы № 56/276-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы Г. Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады