Мақтарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-43-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 23-178-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 14 ақпанда № 4453 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 43-283-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 24.12.2018 № 43-283-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, Мақтарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақтарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-43-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3830 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 19 тамызда "Мақтаарал" газетінде және 2016 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Мақтаарал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      9 тармақ мынадай 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан мұқтаж азаматтарға, біржолғы әлеуметтік көмек 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. "Мақтарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтарал аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы О.Шылмұрзаева
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Жайлымшиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады