Отырар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 11 шешімі. Түркістан облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 қарашада № 4774 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2-тармағына сәйкес Отырар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар ауданы аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Мәуленге жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е.Айтаханов

  Отырар ауданы әкімінің
2018 жылғы "02" қарашадағы
№ 11 шешіміне қосымша

Отырар ауданы бойынша сайлау учаскелерінің тізбесі

      № 486 Аққұм сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Аққұм ауылдық округі, Аққұм ауылы, С.Сейфуллин көшесі № 31.

      Шекаралары: Аққұм ауылы толығымен.

      № 487 Ақкөл сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Ақкөл шағын жинақты негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Балтакөл ауылдық округі, Аққол ауылы, Қ.Азаматов көшесі № 11.

      Шекаралары: Ақкөл ауылы толығымен.

      № 488 Балтакөл сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Балтакөл ауылдық округі, Балтакөл ауылы, М.Көбеев көшесі № 12.

      Шекаралары: Балтакөл ауылы толығымен.

      № 489 Көлқұдық сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "С.Муқанов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Балтакөл ауылдық округі, Көлқұдық ауылы, М.Арыс көшесі № 2.

      Шекаралары: Көлқұдық ауылы толығымен.

      № 490 Үштам сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Үштам бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Балтакөл ауылдық округі, Үштам ауылы, Тәтібай көшесі № 20.

      Шекаралары: Үштам ауылы толығымен.

      № 491 Жанкел сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Жанкел бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Көксарай ауылдық округі, Жанкел ауылы, Жұлдыз көшесі № 3.

      Шекаралары: Жанкел ауылы толығымен.

      № 492 Көксарай сайлау учаскесі

      Орталығы: Ауылдық клубының ғимараты, Көксарай ауылдық округі, Көксарай ауылы, Көксарай көшесі № 53.

      Шекаралары: Көксарай ауылының Достық, Байтерек, Самал, Мирас, Сымбат, Көктем, Нұр, Шапағат, Ынтымақ, Мереке, Көксарай, К.Досанов, К.Кадиров, Төлебек би, Қазыбек би, Б.Кадирбердиев, М.Қөшмырзаев, У.Исмайлов, А.Асылбеков көшелері толығымен.

      № 493 Жаңа ауыл сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Ергөбек атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Көксарай ауылдық округі, Көксарай ауылы, Алатау батыр көшесі № 18.

      Шекаралары: Көксарай ауылының Алатау батыр, Н.Исмайлов, Наурыз, М.Сеңгірбеков көшелері атолығымен.

      № 494 Шеңгелді сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Шеңгелді шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Көксарай ауылдық округі, Шеңгелді ауылы, Қ.Арынов көшесі № 3.

      Шекаралары: Шеңгелді ауылы толығымен.

      № 495 Ызакөл сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Ызакөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Көксарай ауыл округі, Ызакөл ауылы, Алмалы көшесі № 1.

      Шекаралары: Ызакөл ауылы толығымен.

      № 496 Ақтам сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Арыс бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қарақоңыр ауылдық округі, Арыс ауылы, Ш.Әбілқасымов көшесі № 4.

      Шекаралары: Арыс ауылы толығымен.

      № 497 Жармағанбетов сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "А.Жармағанбетов атындағы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қарақоңыр ауыл округі, Бесторанғыл ауылы, Д.Шырынбеков көшесі № 17.

      Шекаралары: Бесторанғыл ауылы толығымен.

      № 498 Қарақоңыр сайлау учаскесі

      Орталығы: Ауылдық мәдениет сарайының ғимараты, Қарақоңыр ауылдық округі, Ш.Қалдаяқов ауылы, Ш.Ерманов көшесі № 9.

      Шекаралары: Ш.Қалдаяқов ауылы және Қарақоңыр темір жол бекеті толығымен.

      № 499 Қостүйін сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Қостүйін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қарақоңыр ауылдық округі, Қостүйін темір жол бекеті, Ж.Ержанов көшесі № 17-2.

      Шекаралары: Қостүйін темір жол бекеті толығымен.

      № 500 Сырдария сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Сырдария шағын жинақты негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қарақоңыр ауылдық округі, Сырдария ауылы, Р.Бәдіренов көшесі № 35.

      Шекаралары: Сырдария ауылы толығымен.

      № 501 Ақтөбе сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Қ.Мұнайтпасов атындағы жалпы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ақтөбе ауылдық округі, Ақтөбе ауылы, Қ.Мұнайтпасов көшесі № 32.

      Шекаралары: Ақтөбе ауылы толығымен.

      № 502 Қостерек сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Маяқұм ауылдық округі, Қостерек ауылы, Н.Оспанов көшесі № 26.

      Шекаралары: Қостерек және Бестам ауылдары толығымен.

      № 503 Маяқұм сайлау учаскесі

      Орталығы: Ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, Маяқұм ауылдық округі, Маяқұм ауылы, Ж.Әуелбеков көшесі № 8.

      Шекаралары: Маяқұм ауылының Ө.Жәнібеков, С.Сейтбеков, А.Шерімқұлов, Қ.Сұлтанбаев, К.Байсейтова, Т.Бойтанов, Н.Құлымбетов, А.Белгібаев, К.Сапахов, Әл-Фараби, И.Қыдырбаев, С.Рахымов, Ж.Әуелбеков, Х.Жұмабеков, Рахым, Қ.Қуатбеков, М.Байжанов, Ә.Майданов, Қайрат, О.Шораев көшелері толығымен.

      № 504 Наурыз сайлау учаскесі

      Орталығы: Коммуналдық тұрғын үйі ғимараты, Маяқұм ауылдық округі, Маяқұм ауылы, Е.Әнетбеков көшесі № 23.

      Шекаралары: Маяқұм ауылының Е.Әнетбеков, Т.Сыздықов, Ә.Байымбетов, Р.Мырзабеков көшелері толығымен.

      № 505 Арыс сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Отырар ауылдық округі, Арыс ауылы, Жеңіс көшесі № 13.

      Шекаралары: Арыс ауылының С.Ағыбаев, Жеңіс, Н.Құлымбетов, Ә.Сержанов, П.Қалыбеков, Б.Қабылов, Ә.Есжанов, Егемендік, Парасат, О.Жандосов, Т.Досбердиев, С.Төлемісов, О.Намаев, Н.Бимурзаев, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 10, Алаш көшелері толығымен және Шәуілдір ауыл округінің шекарасына дейін Н.Төреқұлов, К.Момбек, С.Малдыбеков көшелері.

      № 506 Автобаза сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "З.Қалауова атындағы бастауыш мектбі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Отырар ауылдық округі, Арыс ауылы, Б.Төлбасиев көшесі № 32.

      Шекаралары: Арыс ауылының Қ.Киізбаев, Т.Танкеев, П.Айтбенов, № 1, № 2, № 9 көшелері толығымен және Шәуілдір ауыл округінің шекарасына дейін М.Байтас, А.Үмбетов, Қ.Төлбасиев, А.Құлбатыров, Қ.Дұтбаев, Ж.Шаймерденов, А.Қаныбеков, Ш.Уалиханов, А.Құрманбаев, Абай, Ә.Смайылов көшелері.

      № 507 Шойманов сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "П.Әйтменов атындағы шағын жинақты негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Отырар ауылдық округі, Шойманов ауылы, Т.Таубеков көшесі № 42.

      Шекаралары: Шойманов ауылы толығымен.

      № 508 Қарғалы сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қарғалы ауылдық округі, Қарғалы ауылы, Қ.Қожахметұлы көшесі № 3.

      Шекаралары: Қарғалы ауылы толығымен.

      № 509 Отырар сайлау учаскесі

      Орталығы: Ауылдық клубының ғимараты, Қарғалы ауылдық округі, Отырар ауылы, Ә.Әйменұлы көшесі № 10.

      Шекаралары: Отырар ауылы толығымен.

      № 510 Шытты сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "А.Дәрібаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Талапты ауыл округі, Көкмардан ауылы, Н.Нұрқұлов көшесі н/з.

      Шекаралары: Көкмардан ауылының Ынтымақ, Қ.Өмірзақова, К.Серікбаев, А.Құдайбергенов, М.Нәлібаев, Достық, Н.Нұрқұлов, Мәңгілік Ел, Ө.Аңдамасов, Қ.Дүтбаев көшелері толығымен, М.Сәрсенбаев көшесінің № 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, № 62-136, 137, 139, 141, 143, 145, 147, 149, 151, 153, 155, 157, 159, 161, 163, 165, 167, 169, 171, 173, 175, 177, 179, 181, 183, 185, 187 үйлері.

      № 511 Көкмардан сайлау учаскесі

      Орталығы: Ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, Талапты ауылдық округі, Көкмардан ауылы, Т.Бейсенбіұлы көшесі № 9а.

      Шекаралары: Көкмардан ауылының Р.Оспанқұлов, Д.Жезмырзаев, Астана, Болашақ, Бірлік, А.Дәрібаев, А.Қошаманов, Т.Тасболатов, А.Құлжанов, А.Әйтпенбетов, Ж.Тастанбеков, Б.Тойшы, Қ.Ерназаров, Д.Сейдалин, М.Қарамолдаев, Қ.Омаров, М.Сералиев, О.Нышанбаев, Бейбітшілік, М.Қабылов көшелері толығымен, М.Сәрсенбаев көшесінің № 1-29, № 31, 33, 35, 37, 39, 41, 43, 45, 47, 49, 51, 53, 55, 57, 59, 61 үйлері.

      № 512 Сарыкөл сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Талапты ауылдық округі, Сарыкөл ауылы, Ш.Қалдаяқов көшесі н/з.

      Шекаралары: Сарыкөл ауылы толығымен.

      № 513 Ынталы сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Ә.Байтанаев атындағы шағын жинақты негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Талапты ауылдық округі, Ынталы ауылы, Ұ.Арғынбеков көшесі н/з.

      Шекаралары: Ынталы ауылы толығымен.

      № 514 Қоғам сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "С.Әшіров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қоғам ауылдық округі, Қоғам ауылы, М.Қайназарұлы көшесі № 2.

      Шекаралары: Қоғам ауылы толығымен.

      № 515 Мыншұқыр сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "С.Киров атындағы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қоғам ауылдық округі, Мынщұқыр ауылы, Ә.Сарбасұлы көшесі № 10.

      Шекаралары: Мыншұқыр ауылы толығымен.

      № 516 Талпты сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қоғам ауыл округі, Талапты ауылы, Тәуелсіздік көшесі № 20.

      Шекаралары: Талапты ауылы толығымен.

      № 517 Мектеп сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Темір ауылдық округі, Темір ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 22.

      Шекаралары: Темір ауылының А.Алимов, С.Әлиев, М.Құлымбетов, М.Батырбеков көшелері толығымен, Ә.Қаныбеков көшесінің № 1-17 үйлері, Н.Құлымбетов көшесінің № 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 15, 20, 22, 24, 26 үйлері, Ж.Қазиева көшесінің № 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 15, 20, 22, 24, 26, 28, 30, 32 үйлері, Б.Момышұлы көшесінің № 14-43 үйлері және Ақшоқат, Ұзынқұдық темір жол бекеттері толығымен.

      № 518 Темір сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Темір жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Темір ауылдық округі, Темір ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 2.

      Шекаралары: Темір ауылының А.Ерсүгіров, Б.Басов, Жібек-жолы, Н.Төреқұлов, Ы.Мизамбаев, Теріскей, Т.Ибрагимов, Р.Абдіраймов, М.Әлиев, А.Қазиев, Әл Фараби көшелері толығымен, Ә.Қаныбеков көшесінің № 18-46 үйлері, Н.Құлымбетов көшесінің № 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23 25, 27, 29, 31, 33, 35, 37, 39 үйлері, Ж.Қазиева көшесінің № 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23 25, Б.Момышұлы көшесінің № 1-13 үйлері және 37-разьезд толығымен.

      № 519 Отырабат сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Отырабат бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Темір ауылдық округі, Отырабат ауылы.

      Шекаралары: Отырабат ауылы толығымен.

      № 520 Шәуілдір сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Отырар аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, Шәуілдір ауылдық округі, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы № 45.

      Шекаралары: Шәуілдір ауылының С.Романов, К.Тәжібекқызы, М.Ыбраев, А.Диханбаев, Алатау батыр, Лесхоз № 1, Лесхоз № 2, Лесхоз № 3, С.Құрманбеков, Қ.Сәтбаев, С.Сейфуллин, А.Дәрібаев, Е.Аманбаев, А.Жылқышиев, М.Маметова, М.Әжібеков, Қ.Мұнайтпасов, С.Ерубаев көшелері толығымен, Отырар ауыл округінің шекарасына дейін М.Байтас, А.Үмбетов, Қ.Төлбасиев, А.Құлбатыров, Қ.Дутбаев, Ж.Шаймерденов, А.Қаныбеков, Ш.Уалиханов, А.Құрманбаев, Абай, А.Смайылов көшелері және Т.Бозшабаев көшесінің шығыс жағына дейін Д.Құрманбеков, М.Әуезов, Д.Алтынбеков көшелері.

      № 521 Жамбыл сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "Жамбыл атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шәуілдір ауылдық округі, Шәуілдір ауылы, Ұ.Арғынбеков көшесі № 12.

      Шекаралары: Шәуілдір ауылының Р.Биімбетов, О.Бәймішов, Т.Әубәкіров, Қ.Әлметов, Ж.Тұяқбаев, Т.Сәрсенбаев, Ж.Дербісов, Ф.Садықбекқызы, С.Қожанов, С.Өтебеков, Аманкелді, У.Қамбарбеков, А.Кенжеков, Р.Әбдірайымов, Д.Сарқұлов, Қ.Тастанбеков, С.Нарбекұлы, Р.Нәлібаев, Қ.Жақсылықова, Е.Әнетбеков көшелері толығымен, Отырар ауыл округінің шекарасына дейін Н.Төреқұлов, К.Момбеков, С.Малдыбеков көшелері, Талапты ауыл округінің шекарасына дейін Ұ.Арғынбеков көшесі және Д.Алтынбеков атындағы каналдың оңтүстік жағына дейін Жібек жолы даңғылы мен Т.Бозшабаев көшесі.

      № 522 Қызыл Түркістан сайлау учаскесі

      Орталығы: "Д.Құрманбеков атындағы № 20 колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, Шәуілдір ауылдық округі, Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесі № 30.

      Шекаралары: Шәуілдір ауылының Кеңесары, А.Айтуаров, Ж.Есболаев, Түркістан, Л.Жүсіпбаев, Ж.Жанұзақов, А.Көкішев, Ә.Молдағұлова, Ж.Рүстемов, Б.Төребеков көшелері толығымен, Д.Алтынбеков атындағы каналдың солтүстік жағынан бастап Т.Бозшабаев көшесі және Т.Бозшабаев көшесінің батыс жағынан бастап Д.Құрманбеков, М.Әуезов, Д.Алтынбеков көшелері.

      № 523 Аурухана сайлау учаскесі

      Орталығы: "Шаруашылық жүргізу құқығындағы Отырар аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты, Шәуілдір ауылдық округі, Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесі № 21.

      Шекаралары: Отырар аудандық орталық ауруханасы толығымен.

      № 524 Жаңа Шілік сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шілік ауылдық округі, Жаңа Шілік ауылы, Тұрғанбай датқа көшесі № 11.

      Шекаралары: Жаңа Шілік ауылы толығымен.

      № 525 Ескі Шілік сайлау учаскесі

      Орталығы: Отырар ауданының білім бөлімінің "С.Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты Шілік ауылдық округі, Ескі Шілік ауылы, Төрткөл-Шәуілдір тас жолы н/з.

      Шекаралары: Ескі Шілік ауылы толығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады