Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 7-44/VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 25-169/VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 12 сәуірде № 4521 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 17-133/VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 27.06.2024 № 17-133/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 7-44/VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанында "Мәртөбе" газетінде және 2016 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      7 тармағының 3), 4) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      "3) 21-23 наурыз "Наурыз мейрамы" - қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, атап айтқанда:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 7 мамыр "Отан қорғаушы күніне" орай:

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      9 тармағының 4) тармақшаcы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) әлеуметтiк такси және инва такси қызметiн ұсынуға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүрiп тұруы қиын мүгедек балаларға, бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектерге емдеу мекемелерiне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшiн ай сайын 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. "Сайрам аудандық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы републикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сайрам ауданының аумағында тартылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Г.Раимкулов
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ж.Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады