"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Төлеби ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 шілдедегі № 277 "Төлеби ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4194 тіркелген, 2017 жылғы 08 қыркүйектегі "Төлеби туы" газетінде және 2017 жылғы 04 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Төлеби ауданы әкімдігінің инернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тулеповке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Парманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Оңтүстік Қазақстан облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ Н.М.Байғұт
"10" мамыр 2018 жыл
Төлеби ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "10" мамырдағы № 223 қаулысымен бекітілген |
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi
№ р/с | Автомобиль жолдардың индексі | Автомобиль жолдардың атауы | Автомобиль жолдардың мекен жайы, шақырым | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KXTL-1 | Бірінші Мамыр-Жамбаевка | 0-1,75 | 1,75 |
2 | KXTL-2 | Әлишер Науаи-Тағайна | 0-2,1 | 2,1 |
3 | KXTL-3 | Әлишер Науаи – КХ-29 "Шарапхана-Жаңабазар-1 Мамыр" | 0-2,1 | 2,1 |
4 | KXTL-4 | Әңгірата-Ақбастау | 0-3,4 | 3,4 |
5 | KXTL-5 | Ақбастау-Карьер | 0-1,7 | 1,7 |
6 | KXTL-6 | Ақбастау – Қызыл үй | 0-3,4 | 3,4 |
7 | КХТЛ-7 | Текесу-Абай | 0-7,5 | 7,5 |
8 | KXTL-8 | Абай-Ұйымшыл | 0-3,9 | 3,9 |
9 | KXTL-9 | Ақайдар- КХ-82 "Шымкент-Қасқасу-Шымкент" | 0-1,5 | 1,5 |
10 | KXTL-10 | Ақайдар-КХ-35 "Ақайдар – Екпінді" | 0-2,0 | 2,0 |
11 | KXTL-11 | Ленгер-Жаңаұйым | 0-5,0 | 5,0 |
12 | KXTL-12 | Аққұм-Көксәйек | 0-6,3 | 6,3 |
13 | KXTL-13 | Момынай-Жаңаұйым | 0-2,5 | 2,5 |
14 | KXTL-14 | Момынай-Аққұм | 0-3,0 | 3,0 |
15 | KXTL-15 | Аққұм-Шахта Тоғыс | 0-4,9 | 4,9 |
16 | KXTL-16 | Аққұм-Жаңатұрмыс | 0-5,0 | 5,0 |
17 | KXTL-17 | Алатау-Шұбарағаш | 0-2,7 | 2,7 |
18 | KXTL-18 | Нысанбек-Жаңатұрмыс | 0-3,9 | 3,9 |
19 | KXTL-19 | Екпінді-Қорған | 0-3,1 | 3,1 |
20 | KXTL-20 | Екпінді-Ақмешіт | 0-2,5 | 2,5 |
21 | KXTL-21 | Қасқасу-Сайрамсу шатқалы | 0-18 | 18 |
22 | KXTL-22 | Қарақия-Рабат | 0-4,0 | 4,0 |
23 | KXTL-23 | Қаратөбе-КХ-11 "Сарыағаш-Рабат-Сұлтанрабат" | 0-9,0 | 9,0 |
24 | KXTL-24 | Алшалы-КХ-33 "Көксәйек-Ұзынарық-Диханкөль" | 0-4,1 | 4,1 |
25 | KXTL-25 | Оңтүстік- КХ-30 "Тасарық-Қаратөбе-Төнкеріс" | 0-5,0 | 5,0 |
26 | KXTL-26 | Балдыберек-Төңкеріс | 0-2,2 | 2,2 |
27 | KXTL-27 | Көксәйек-Жіңішке | 0-2,5 | 2,5 |
28 | KXTL-28 | Қазақстан елді мекеніне кіреберіс жол | 0-2,1 | 2,1 |
29 | KXTL-29 | Ленгір – Момынай | 0-3,9 | 3,9 |
30 | KXTL-30 | Бейнеткеш елді мекеніне кіреберіс жол | 0-6,7 | 6,7 |
31 | KXTL-31 | Ленгер- КХ-82 "Шымкент- Сайрам-Қасқасу-Шымкент" | 0-1,5 | 1,5 |
32 | KXTL-32 | Қаратөбе-Қостөбе | 0-2,0 | 2,0 |
Төлеби ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы: | 129,25 |