Ескерту. Күшi жойылды - Түркiстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 14.08.2019 № 308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2. Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 401 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 28 желтоқсанда "Шартарап-Шарайна" газетінде және 2016 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және, енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Кистауов |
Шардара ауданы әкімдігінің "28" ақпан 2018 жылғы № 88 қаулысына қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Кәсіпорының, ұйымының, мекеменің атауы | тізімдік саны | квота мөлшері (%) |
1 | Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 63 | 2 |
2 | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шардара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 650 | 4 |
3 | Мемлекеттік мекеме "Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" | 60 | 2 |
4 | Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 16 Колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 140 | 2 |
5 | Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Шардара аудандық № 3 мамандандырылған мектеп интернаты" | 165 | 3 |
6 | Шардара аудандық білім бөлімінің "№ 1 М.Әуезов" атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 225 | 3 |
7 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 105 | 2 |
8 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Шардара жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 165 | 2 |
9 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Максим Горький атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 125 | 2 |
10 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 125 | 2 |
11 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 135 | 2 |
12 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 145 | 2 |
13 | Шардара аудандық білім бөлімінің "А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 101 | 2 |
14 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Жаушықұм мектеп лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 205 | 3 |
15 | Шардара аудандық білім бөлімінің "А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 130 | 2 |
16 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 155 | 3 |
17 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Сырдария жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 185 | 3 |
18 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Қоссейіт жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 135 | 2 |
19 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Т.Айбергенов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 235 | 3 |
20 | Шардара аудандық білім бөлімінің "С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 137 | 2 |
21 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Ұзын ата жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 222 | 3 |
22 | Шардара аудандық білім бөлімінің "С.Каттебеков атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 280 | 4 |
23 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Қазақстан бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 205 | 3 |
24 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Қызылқұм жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 135 | 2 |
25 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Т.Тәжібаев жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 139 | 2 |
26 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Ақалтын жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 124 | 2 |
27 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Егізқұм жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 90 | 2 |
28 | Шардара аудандық білім бөлімінің "Достық жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 155 | 3 |
29 | Шардара ауданы әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің "№ 1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі | 53 | 2 |
30 | Шардара ауданы әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің "№ 2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі | 52 | 2 |
31 | Шардара ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Шардара аудандық оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 70 | 2 |
32 | Шардара ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Шардара балалар музыкалық мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 73 | 2 |
33 | Шардара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 80 | 2 |
34 | Шардара қаласы әкімі аппаратының "№ 8 Балапан бала-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 95 | 2 |
35 | Шардара қаласы әкімі аппаратының "Балбөбек бала-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 91 | 2 |
36 | Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі аппаратының "Томирис бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 52 | 2 |