Шардара ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 28 ақпандағы № 89 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 19 наурызда № 4476 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 8 маусымдағы № 301 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 08.06.2018 № 301 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата- анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 400 "Шардара ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 28 желтоқсанда "Шартарап-Шарайна" газетінде және 2016 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Шомпиевке жүктелсiн.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Кистауов

  Шардара ауданы әкімдігінің
"28" ақпан 2018 жылғы
№ 89 қаулысына
1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Шардара ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Шардара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

80

1

1

2

Шардара ауданы әкімдігінің втеринария бөлімінің "Шардара аудандық ветеринарлық қызмет көрсету" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

90

1

1

3

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шардара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

650

1

3

4

Мемлекеттік мекеме "Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі"

60

1

1


Барлығы

880


6


  Шардара ауданы әкімдігінің
"28" ақпан 2018 жылғы
№ 89 қаулысына
2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Шардара ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Шардара ауданы әкімдігінің тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шардара сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

90

1

1

2

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шардара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

650

1

2

3

Шардара ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің "№ 1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі

53

1

1

4

Шардара ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің "№ 2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі

52

1

1


Барлығы

845


5


  Шардара ауданы әкімдігінің
"28" ақпан 2018 жылғы
№ 89 қаулысына
3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Шардара ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 16 Колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

140

1

1

2

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Шардара аудандық № 3 мамандандырылған мектеп интернаты"

165

1

1

3

Шардара ауданы әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің "№ 1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі

53

1

1

4

Шардара ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің "№ 2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі

52

1

1

5

Шардара ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Шардара аудандық оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

70

1

1

6

Шардара ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Шардара аудандық саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

73

1

1


Барлығы

553


6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады