Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Көксу ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 03 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 ақпанда № 4456 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Көксу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Көксу ауылындағы жобадағы № 1 көшеге - Астана атауы;

      2) Көксу ауылындағы жобадағы № 2 көшеге - Бәйтерек атауы.

      2. "Көксу ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қағаз және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Қайпназаровқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Суттибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады