"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 2188 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 4402 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2018 жылғы 23 қарашада № 5-1-204 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 2188 Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4691 тіркелген, 2016 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылы 20 қазанда "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) аумақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А. Булавкинаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының
      әкімі Ж. Омар
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Өскемен қалалық
      мәслихатының хатшысы
      ______________ А.А. Светаш

      "__" ____________2018 жыл

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 19 қазандағы
№ 4402 қаулысына қосымша
  Өскемен қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 2188 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандар лауазымдары:

      1) басқару персоналы: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және басшының орынбасары;

      2) негізгі персонал: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, мейірбике (мейіргер), диеталық мейірбике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы.

      2. Білім беру саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мамандар лауазымдары:

      1) басқару персоналы: басшы, басшының оқу бөлімі бойынша орынбасары, басшының тәрбие бөлімі бойынша орынбасары;

      2) негізгі персонал: біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз мамандар: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері, логопед-мұғалім, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушысы, жетекші, тәрбиеші, әдістемелік нұсқаушысы, дене тәрбиесі нұсқаушысы, музыкалық жетекші, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, лаборант, логопед, хореограф, мейірбике (мейіргер).

      3) әкімшілік персонал: кітапхана меңгерушісі, кітапханашы.

      4) қосалқы персонал: тәрбиешінің көмекшісі.

      3. Мәдениет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мамандар лауазымдары:

      1) негізгі персонал: кітапханашы, режиссер, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, хормейстер, хореограф, дыбыс операторы.

      2) әкімшілік персонал: кітапхана меңгерушісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады