"Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Семей қаласы әкімінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2018 жылғы 26 шілдедегі № 7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 30 шілдеде № 5-2-185 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 – бабына, 50 – бабының 2 – тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Семей қаласы әкімінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-163 тіркелген, 2018 жылғы 11 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде, 2018 жылғы 20 сәуірде "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады