Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/17-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 наурызда № 5558 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505 - бабына, 509 - бабының 3 - тармағына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Риддер қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      2. Риддер қаласы салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын жатқан елді мекен болып айқындалсын.

      3. "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы" Риддер қалалық маслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/3-ІV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-4-160 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 қаңтардағы "Мой город Риддер" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Климов
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко

  Қалалық мәслихаттың
2018 жылғы "12" наурыздағы
№ 19/17-VI шешіміне
1-қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) түрлері

Санаттар

1

Жер үсті шатырмен жабылған автотұрақтар, шатырмен жабылмаған автотұрақтар.

1-санат

2

Басқа мақсатқа арналған ғимараттарға жапсарлай салынған автотұрақтар, басқа мақсаттарға салынған ғимараттарға ішкери салынған автотұрақтар.

2-санат

3

Ғимараттардың жер асты, жертөле, цокольды немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар.

3-санат

  Қалалық мәслихаттың
2018 жылғы "12" наурыздағы
№19/17-VI шешіміне
  2-қосымша

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

Автотұрақтар санаттары

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы

1

1-санат

8,2025

10 есе

2

2-санат

8,2025

9 есе

3

3-санат

8,2025

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады