Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Риддер қаласының Бутаково ауылына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 5 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 222 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 сәуірде № 5595 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Риддер қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 27 ұсынымының негізінде Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Риддер қаласының Бутаково ауылында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 05 қаңтардағы № 5 "Риддер қаласының Бутаково ауылына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4862 тіркелген, 10.02.2017 жылы "Лениногорская правда" газетінде жарияланған және 2017 жылғы 02 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады