Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 16.05.2019 № 144 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7), 8), 9) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (мемлекеттік тіркеу Тізілімінің нормативтік құқықтық актілерінің 13898 нөмірінде тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымша бойынша, пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйым қызметкерлерінің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізілуі үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде оның көшірмелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулының мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;
4) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Т.Н. Глазинскийге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай ауданының әкімі | Д. Батырбаев |
Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "28" маусымдағы № 179 қаулысына қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны белгілеу туралы ұйымдардың тізілімі
№ р/н | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан квота мөлшері |
1 | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекетік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің Бөкебай филиалы | 98 | 1 % |
2 | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекетік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің Мороз филиалы | 75 | 1% |
3 | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекетік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің Канонерка филиалы | 78 | 1% |
4 | Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекетік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жаңасемей филиалы | 161 | 1% |
5 | Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекетік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің Долон филиалы | 130 | 1% |
6 | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бесқарағай орталық аудандық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәісіпорны | 89 | 1% |
7 | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекетік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің Беген филиалы | 75 | 1% |