Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округі Камышенка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 21 қарашада № 5-8-183 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, 2018 жылғы 9 шілдедегі Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссияның қорытындысына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып, Подборный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округі Камышенка ауылының көшелерінің атауы:

      1) Первомайская көшесі "Береке" көшесі;

      2) Комиссарская көшесі "Қайнар" көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында реми жариялауға жолданылуын;

      4) оның ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Подборный ауылдық округінің әкімі Қ. Будумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады