Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 447 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 28 қыркүйекте № 5-9-182 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 525 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 06.12.2023 № 525 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18- бабы 2) тармақшасына, 139 -бабының 9 -тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 2 -тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46 -бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі аталған қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қазандағы № 330 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 17 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Сейткановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі К. Байгонусов
      КЕЛІСІЛДІ:
Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы
"03" қыркүйек 2018 жыл
А. Баймульдинов

  Глубокое ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "03" қыркүйектегі
№ 447 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы және басшының орынбасары, үйдегі әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі, бағалау және арнайы әлеуметтік қызмет қажеттіліктерін анықтайтын әлеуметтік жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыстың маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, ассистент.

      2. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, қосымша білім беру мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, шеберхана меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, музыка жетекшісі, көркемдік жетекші, барлық мамандағы мұғалімдер, оқытушы, педагог, педагог-психолог, қосымша білім педагогы, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік педагог, зертханашы, тәлімгер, тәрбиеші, әдіскер, хореограф, кітапханашы, шебер, концертмейстер, сүйемелдеуші, логопед, алғашқы әскери дайындық оқытушысы ұйымдастырушы, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы, медициналық және диеталық медбике.

      3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: мемлекеттік мекеменің басшысы, мәдениет үйінің басшысы, әдіскер, үйірме жетекшісі, музыка жетекшісі, көркемдік жетекші, сүйемелдеуші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы, суретші, мұражай қорларын сақтаушы, кітапханашы, библиограф.

      4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы, оқу ісі бойынша басшының орынбасары, әдіскер нұсқаушы, жаттықтырушы.

      5. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшысы, мал дәрігері, ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық техник.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады