РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 24 қарашадағы № 408 ұсынысы негізінде Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Қарабұлақ ауылдық округінің Қарабұлақ ауылындағы Қазан, Жетіген, Атаев, Абай, Малдыбаев көшелерінде шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 1 "Қарабұлақ ауылындағы Қазан, Жетіген, Атаев, Абай Малдыбаев көшелерінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4899 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округ әкімі | Д. Бекбаев |