Зырян ауданы Октябрь кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Октябрь кенті әкімінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 8 қарашада № 5-12-170 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысы негізінде және Октябрь кентінің тұрғындарының пікірін ескере отырып Октябрь кентінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Зырян ауданының Октябрь кентіндегі көшелерінің атауы:

      1) Карла Маркса көшесі Бостандық көшесі болып;

      2) Кирова көшесі Центральная көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданының Октябрь кентінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Зырян ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) әкімнің осы шешімі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрде көшірмесін жіберуді;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Зырян ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Октябрь кенті әкімінің
      міндетін атқарушы Ф. Ельчубаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады