РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Ресбликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 2 наурыздағы қорытындысына сәйкес және Жанузақ ауылы тұрғындарының пікірі ескеріле отырып, Егінсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан ауданы Жанұзақ ауылының "Бірінші" көшесі "Достық", "Екінші" көшесі "Ардагер", "Үшінші" көшесі "Бірлік" және "Төртінші" көшесі "Ынтымақ" деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егінсу ауылдық округінің әкімі | Б. Аскабылов |