Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 қарашадағы № 34-353/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 16 қарашада № 5-18-181 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 53-656/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 53-656/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 24.12.2019 № 47-537/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау жылына бір рет 11,733 айлық есептік көрсеткіш (31 104 теңге) мөлшерінде көрсетілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 12.03.2020 № 50-620/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Үржар ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;

      2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін:

      "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне, еркін нысанда жазылған өтініш және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттардың тізбесін ұсынады.

      3) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде әлеуметтік қолдауды тағайындау туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні;

      Тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздері:

      көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      Үржар ауданынан тыс тұруы;

      лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

      ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда жыл ішінде екінші рет жүгінуі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 24.12.2019 № 47-537/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Шевкунов
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Карашев

  Үржар аудандық
мәслихатының 2018 жылғы
14 қарашадағы № 34-353/VI
шешіміне қосымша

Үржар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізілімі

      1. Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2816 болып тіркелген, 2013 жылы 31 қаңтарда №11 "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде жарияланған);

      2. Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-251/V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №9-78/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3324 болып тіркелген, 2014 жылы 03 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2014 жылы 05 маусымда №68-69 "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде жарияланған);

      3. Үржар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 34-391/V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4068 болып тіркелген, 2015 жылы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2015 жылы 10 тамызда №102-103 "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде жарияланған);

      4. Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 қазанда №7-71/VI "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4713 болып тіркелген, 2016 жылы 03 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2016 жылы 11 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2016 жылы 03 қарашада №154-155 "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде жарияланған);

      5. Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурызда №24-247/VI "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5556 болып тіркелген, 2018 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және 2018 жылы 09 сәуірде №42-43 "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде жарияланған).

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Урджарского района

Решение Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 16 ноября 2018 года № 34-353/VI. Зарегистрировано Управлением юстиции Урджарского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 16 ноября 2018 года № 5-18-181. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24 июня 2020 года № 53-656/VI

      Сноска. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24.06.2020 № 53-656/VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. В заголовок внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24.12.2019 № 47-537/VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается один раз в год в размере 11,733 месячных расчетных показателя (31 104 тенге) специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Урджарского района.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 12.03.2020 № 50-620/VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Определить следующий порядок оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее – социальная поддержка):

      1) назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Урджарского района" (далее – услугодатель);

      2) для получения социальной поддержки физическое лицо (или его представитель по нотариально заверенной доверенности) (далее – услугополучатель) обращается:

      в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан", к услугодателю либо к акиму сельского округа с заявлением в произвольной форме и представляет перечень документов согласно пункту 9 стандарта государственных услуг "Назначение социальной помощи специалистам социальной сферы, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, по приобретению топлива" утвержденный приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере.

      3) срок оказания государственной услуги:

      при обращении в Государственную корпорацию, услугодателю - с момента регистрации пакета документов услугодателем-10 (десять) рабочих дней;

      с момента сдачи пакета документов акиму сельского округа по месту жительства -15 (пятнадцать) рабочих дней;

      при обращении в Государственную корпорацию день приема не входит в срок оказания государственной услуги;

      4) основания для отказа в назначении социальной поддержки:

      предоставления услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, указанному в подпункте 2) настоящего пункта и (или) документов с истекшим сроком действия;

      недостоверность сведений или несоответствие документов предоставляемых заявителем;

      проживание за пределами Урджарского района;

      при совмещении должностей, должность получателя социальной поддержки по основному месту работы, не соответствует перечню должностей имеющих право на социальную поддержку;

      повторное обращение в течение года, в случае назначения социальной поддержки в текущем году.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24.12.2019 № 47-537/VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первогоофициального опубликования).

      3. Признать утратившими силу некоторые решения Урджарского районного маслихата согласно приложению к настоящему решению.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Шевкунов
      Секретарь Урджарского
      районного маслихата К. Карашев

  Приложение
к решению Урджарского
районного маслихата
от 14 ноября 2018 года
№ 34-353/VI

Перечень утративших силу некоторых решений Урджарского районного маслихата

      1. Решение Урджарского районного маслихата от 21 декабря 2012 года № 9-78/V "О социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2816, опубликовано в газете №11 "Пульс времени/Уақыт тынысы" от 31 января 2013 года);

      2. Решение Урджарского районного маслихата от 15 апреля 2014 года № 24-251/V "О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 21 декабря 2012 года № 9-78/V "О социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3324, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" 03 июня 2014 года и в газете №68-69 "Пульс времени/Уақыт тынысы" от 05 июня 2014 года);

      3. Решение Урджарского районного маслихата от 13 июля 2015 года № 34-391/V "О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 21 декабря 2012 года № 9-78/V "О социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4068, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" 24 августа 2015 года и в газете №102-103 "Пульс времени/Уақыт тынысы" от 10 августа 2015 года);

      4. Решение Урджарского районного маслихата от 04 октября 2016 года № 7-71/VI "О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 21 декабря 2012 года № 9-78/V "О социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4713, опубликовано в эталонном контрольном банке НПА РК в электронном виде 03 ноября 2016 года, в информационно-правовой системе "Әділет" 11 ноября 2016 года и в газете №154-155 "Пульс времени/Уақыт тынысы" от 03 ноября 2016 года);

      5. Решение Урджарского районного маслихата от 12 марта 2018 года № 24-247/VI "О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 21 декабря 2012 года № 9-78/V "О социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №5556, опубликовано в эталонном контрольном банке НПА РК в электронном виде 30 марта 2018 года и в газете №42-43 "Пульс времени/Уақыт тынысы" от 09 апреля 2018 года).