Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 53-656/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 24.12.2019 № 47-537/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау жылына бір рет 11,733 айлық есептік көрсеткіш (31 104 теңге) мөлшерінде көрсетілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 12.03.2020 № 50-620/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:
1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Үржар ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;
2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін:
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне, еркін нысанда жазылған өтініш және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттардың тізбесін ұсынады.
3) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде әлеуметтік қолдауды тағайындау туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні;
Тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздері:
көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;
Үржар ауданынан тыс тұруы;
лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда жыл ішінде екінші рет жүгінуі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 24.12.2019 № 47-537/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Шевкунов |
Үржар аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Карашев |
Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы № 34-353/VI шешіміне қосымша |
Үржар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізілімі
1. Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2816 болып тіркелген, 2013 жылы 31 қаңтарда №11 "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде жарияланған);
2. Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-251/V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №9-78/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3324 болып тіркелген, 2014 жылы 03 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2014 жылы 05 маусымда №68-69 "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде жарияланған);
3. Үржар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 34-391/V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4068 болып тіркелген, 2015 жылы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2015 жылы 10 тамызда №102-103 "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде жарияланған);
4. Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 қазанда №7-71/VI "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4713 болып тіркелген, 2016 жылы 03 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2016 жылы 11 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2016 жылы 03 қарашада №154-155 "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде жарияланған);
5. Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурызда №24-247/VI "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5556 болып тіркелген, 2018 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және 2018 жылы 09 сәуірде №42-43 "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде жарияланған).