Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 53-656/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 шілдеде № 7281 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 04.03.2024 № 12-240/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 04.03.2024 № 12-240/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Каирбаев
      Үржар аудандық мәслихатының хатшысы К. Карашев

  Үржар аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымы
№ 53-656/VI шешіміне
1 қосымша

Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 04.03.2024 № 12-240/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 04.03.2024 № 12-240/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган - "Абай облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 20.09.2023 № 5-111/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      3. Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, акционерлік қоғамы "Қазпошта" бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 20.09.2023 № 5-111/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Әлеуметтік қолдау Үржар ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 27.09.2024 № 18-351/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Үржар аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымы
№ 53-656/VI шешіміне
2 қосымша

Үржар аудандық мәслихатының кейбір күші жойылды деп танылған шешімдердің тізімі

      Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 қарашадағы № 34-353/VI "Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-181 нөмірімен тіркелген, 2018 жылдың 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2018 жылдың 26 қарашада жарияланған) шешімі, соның ішінде:

      1) Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 47-537/VI "Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы № 34-353/VI "Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6477 нөмірімен тіркелген, 2020 жылдың 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2020 жылдың 16 қаңтарда жарияланған) шешімі;

      2) Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 50-620/VI "Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 қарашадағы№ 34-353/VI "Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6813 нөмірімен тіркелген, 2020 жылдың 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2020 жылдың 9 сәуірде жарияланған) шешімі;

      3) Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 сәуіріндегі № 52-633/VI "Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 қарашадағы№ 34-353/VI "Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7040 нөмірімен тіркелген, 2020 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2020 жылдың 11 мамырында жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады